2025 жылдың 4 сәуір күні «Жармыш жалпы білім беретін мектеп» КММ -де “Функционалдық сауаттылық – жазудан есептеуге дейінгі дағдылар” тақырыбында аудандық семинар өткізілді
Семинарды ұйымдастырудағы мақсат оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, олардың күнделікті өмірде және кәсіби ортада қажетті жазу, оқу, есептеу және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру. Семинарға аудандық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Ф.Актанова мен аудан бойынша 18 мектептен педагогтер келіп қатысты. Семинар бағдарламасы бойынша мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, алғыспен марапатталды.




Наурыз айының 18 жұлдызында 7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Нұр Наурыз -ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаттың негізгі мақсаты: наурыз мейрамының маңызын түсіндіру, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуді насихаттау. Тәрбие сағатында оқушыларға ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына байланысты сұрақтар қойылып, «асық ату», » бес тас» ойындары ойнатылды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әннен шашу шашып, қазақ билерін мың бұрала биледі.

“Жас маман-жарқын болашақтың бейнесі ” тақырыбында
жас мамандарға арналған дөңгелек үстел
2024-2025 оқу жылы қазан айында мектебімізде жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында 9 қазан күні “Жас маман-жарқын болашақтың бейнесі ” тақырыбында еңбек өтілдері 4 жылға дейінгі жас мамандарға дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Қ.Сейтмағанбет педагогтерге ұжыммен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен қалай байланыс жасау қажет, кәсіби даму үшін нені басшылыққа алу қажет, жас ұстаздардың білім беру жүйесіндегі ықпалы қандай деген тақырыптар аясында ой өрбітті. Мектеп психологы Н.Кадирова жас мамандарға психологиялық тренингтер ұйымдастырып, олардың көңіл-күйлерін көтере білді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е. Изтурова «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбында баяндамасы тыңдалды және жас мамандарға тағайындалған тәлімгерлер Б.М. Мулкибаева мен М.К. Суйесова сабақты зерттеу мен бағаудағы дескриптордың рөлі туралы түсінік берді. Үстел басында жас мамандарымыз ойларын ортаға салып, жақсы пікірлермен алмасты. Бүгінгі жас мамандарымыздың болашақта ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл ұстаз бола алатындығына сеніміміз мол.
